Спортшыларымыз Чебоксары қ. халықаралық жарыста жеңіске жетті

16.07.2018

Естеріңізге салсақ, 2018 жылдың 1-26 шілдесі аралығында Қазақстан құрамасы велосипед спорты бойынша әлем елдерінде оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық жарыстарға қатысуда. Осы орайда кросс-кантри мен маунтинбайк бойынша жасөспірімдер Чебоксары қаласында өтіп жатқан жарыста бақ сынады.

Нәтижесінде ерлер арасында Болат Ниязов 1 орынды, Евгений Федоров 2 орынды, Тимур Аликулов 3 орынды, ал қыздар арасында Татьяна Богданова 1 орынды, Светлана Пащенко 3 орынды иеленді. 

Жеңімпаз спортшыларымызды құттықтаймыз. Алар асуы биік, жемісті жетістіктері көп болсын демекпіз. 

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: