Cледж-хоккей командасына барлық қатысамын деушілер үшін іріктеу жүргізілуде

29.03.2017

Паралимпиядалық спорттың жаңа түрін дамыту жоспарына сәйкес, следж-хоккей командасына барлық қатысамын деушілер үшін іріктеу жүргізілуде.

Следж-хоккей немесе шанадағы хоккей мұз үстінде ойнайтын командалық спорттық ойын және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған шайбалы хоккейге ұқсас ойынның түрі болып табылады. Ойынның ережесі бойынша қатысушы екі команданың мүшелері арнайы шанада отырғызылады, шайбаны таяқшамен бір-біріне бере отырып, қарсыластың қақпасына соғады және өз қақпасына шайбаны жіберіп алмауға тырысады. Қарсыластың қақпасына ең көп шайба соққан команда жеңіске жетеді. Следж-хоккей қысқы Паралимпиядалық ойындардың бағдарламасына кіреді.

Жас және жыныс ерекшеліктеріне шектеу жоқ

Мекені: Астана қаласы

Медициналық талаптар: бір немесе екі аяғынан төменгі жағында ампутациясы бар тұлғалар

Мысалы: тобық және тізе буындарының қаттылығы жағдайында немесе ұзындығы ең аз 7 см айырмашылығы жағдайында. Параплегия салдарынан аяқ бұлшықетінің әлсіз болған кезінде.

Өтініштерді мына электронды адреске o.akpambetov@paralympic.kz немесе +7 7172 790 777 номеріне жолдауға болады.

Бөлісу: