Спорт күніне орай Орталық қызметкерлері марапатталды

16.08.2019

Спорт күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде спорт қауымы өкілдерін марапаттауға орай салтанатты жиын өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Рамазанов Елдос Мұратұлы спорт қайраткерлерін Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін арнайы дипломдармен және төсбелгілермен марапаттады. Атап айтқанда, спорт қайраткерлері «Құрметті спорт қызметкері», төсбелгісімен, «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтота Раимқұлованың, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің алғыс хаттарымен марапатталды. Марапат иегерлері арасында жаттықтырушылар, спорт қайраткерлері, спортты дамытуға үлестерін қосып жүрген қоғам қайраткерлері болды. Сондай-ақ, іс-шарада велосипед спортынан олипиадалық даярлау Орталығының қызметкерлері де марапатталды. Атап айтар болсақ, кәсіподақ төрағасы Серік Жұмағазыұлы ҚР мәдениет және спорт министрінің, бас есепші Айжан Айтқожақызы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының марапатына ие болды.

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығының директоры Бекболат Құстүтінұлы ұжым қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, спорт саласына сіңірген еңбектері мен жетістіктеріне орай бірқатар алғыс хаттармен марапатталды.

Барлық марапат иелерін құттықтаймыз!

Марапаттау рәсімінің фотосуреттерін келесі сілтеме бойынша қарай аласыз: /kz/news/photogallery/nagrazhdeny-sotrudniki-tsentra-ko-dnyu-sporta/

Бөлісу: