Спортшымыз Қытай еліндегі жарыста екі алтын медальды еншіледі

26.07.2018

2018 жылдың 22-30 шілде аралығында Қазақстан құрама командасы Қытай елінің Тайюань қаласында өтіп жатқан велосипед спортынан халықаралық жарысқа қатысуда.

Алғашқы жарыс нәтижесінде олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Андрей Чугай спринт және кейрин бойынша екі алтын медальды еншіледі.

Ендеше әлемдік додада ел намысын қорғап, абыройын асқақтатқан спортшыларымызға сәттілік тілей отыра, әлі де алар асулары биік болсын демекпіз!

«Велосипед спортынан олимпиадалық
даярлау орталығы» РМҚК баспасөз
қызметі

Бөлісу: