Орталыққа байдарка мен каноэде есуден ICF халықаралық федерациясының өкілі келді

24.04.2019

Бүгін біздің орталыққа байдарка мен каноэде есуден ICF халықаралық федерациясының вице-президенті Томас Кониецко келді. Мейманды байдарка мен каноэ есуден мемлекеттік жаттықтырушы Айдар Қартпаев алып жүрді. Делегация спортшылардың жаттығу үдерісімен және кешеннің инфрақұрылымымен танысты. Меймандар біздің нысанның көпбейінді екеніне таңғалып, алған әсерлерімен бөлісті.

Байдаркада және каноэде есу - есу спортының бір түрі. Ол топсаға бекітілмеген ескек арқылы орындалады. Байдаркада және каноэде есудің жарысу және слалом түрлері бар. Халықаралық каноэ федерациясына 54 ел мүше. Олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1936 жылдан бастап енгізілген.


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 

Бөлісу: