Біздің велошабандоздар Азия Кубогы жарысында жүлдемен оралды

24.09.2018

2018 жылдың 19-24 қыркүйегі аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия Кубогы жарысында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері жүлделі орынды иеленді.

Ересектер арасындағы кейрин және спринт жарысында қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан белді спортшымыз Андрей Чугай алтын және күміс медальды еншіледі. Ал, ұпай бойынша топтық жарыста Рамис Дінмұхаметов қола медальды қанжығасына байлады.

Жасөспірімдер арасындағы жеке қуалау және ұпай бойынша топтық жарыста Даниил Пехотин 1 орынды иеленді. Ал, спринт және топтық спринт жарысында Александр Сафаров, Темірхан Сиазбеков, Дмитрий Резанов 2 орынды місе тұтты.

Қыздар арасындағы спринт, 500 м гит жарысы бойынша Алена Абрамчук күміс және қола медальға қол жеткізді.

Атап айтсақ, спортшылардың жоғары нәтиже көрсетуіне үлес қосқан бапкерлер Иван Сиваш пен Юрий Юданың еңбегі өлшеусіз.

Ендеше жас велошабандоздар мен бапкерлер құрамын жемісті жетістігімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта алар асулары биік, еліміздің көк байрағы желбіресін демекпіз.

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығының баспасөз қызметі

Бөлісу: