Біздің велошабандоздар Velo Erciyes Junior UCI 1.2 халықаралық бәсекесінде керемет нәтижелер көрсетті

26.07.2021

24 шілдеде Аланияда Velo Erciyes Junior UCI 1.2 тас жолында халықаралық жарыстың 1-ші кезеңі өтті, онда Орталықтың спортшылары тұғырдағы барлық орындарды иеленіп, тамаша нәтижелер көрсетті!

Осылайша, жеке жарыста Ремхе Андрей жеңіске жетті. Тараскин Максим жарысты екінші, ал үшінші орынды Қарабұтов Илья иеленді.

2 кезеңнің қорытындысы бойынша Орталық спортшылары негізгі топтан 5 минутқа бөлініп, тағы да жақсы нәтижелер көрсетті.

Осылайша, топтық жарыста Тараскин Максим жеңіске жетті. Екінші орынды Ремхе Андрей иеленді. Жалпы жіктеу қорытындысы бойынша Ремхе Андрей 1 орын, Тараскин Максим 2 орын және Қарабұтов Илья 3 орын алды.

Спортшыларымызды құттықтаймыз және спорттық мансапқа сәттілік тілейміз!

Бөлісу: