Қазақстанның ұлттық «Астана» лигасы «Тобылды» қарсы алады.

27.02.2018

27-28 ақпанда астанада Ұлттық лиганың ерлер командасы арасында баскетболдан Қазақстан чемпионатының ойындар сериясы өтеді. Астаналық клуб Қостанай қаласының «Тобыл» командасын қабылдайды.

Астаналықтар «Тобыл» командасымен осы маусым кездескен болатын. Алдыңғы сериядағы жеңісін «Астана» командасы тойлады. Есеп 110:48 және 89:59 болды.

«Астана» командасының бас бапкерінің орынбасары Михаил Карпенко алдағы ойын сериясына деген пікірін білдірді:

-Біздің алдымызда қостанайлық «Тобыл» командасына қарсы екі ойын тұр. Біз осы ойындарды желтоқсан айындағыдай жеңіл болады деп күтпейміз. Өйткені құраманың ойындарынан кейін бірқатар ойыншылар эмоциалды босап, физикалық тұрғыдан шаршады. «Тобыл» командасының ақтаулық «Каспий» командасына қарсы ойнаған соңғы екі ойыны сәтті болмағанын айта өту керек. Сондықтан олар қалпына келуге құштар деп ойлаймын. Сонымен қатар, «Тобыл» құрамында екі америкалық легионері бар атыраулық «Каспий» командасын жеңіп шықты.Сол себепті біз алдағы ойындарға байыппен қарауымыз керек және біз тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша,өзімізге бірінші орынға кепілдік алсақ та, тек қана жеңіске ойнаймыз. «Тобыл»-жүгіріп жүретін команда, сондықтан ең алдымен, бізге оларды тоқтатып, оларға көп ұпай салуға мүмкіндік бермеуіміз керек. Бүгінгі жаттықтыруда біз алдағы ойындарға дайындығымызды бастаймыз.

Ойындар республикалық «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Матчтың басталу уақыты: 27 ақпан 19:30-да, 28 ақпан 17:30-да. Матчқа кіру тегін.

Ақпарат көзі: pbcastana.kz

Бөлісу: