Қазақстан Ұлттық құрамасының Аустралия мен Филиппин құрамаларына қарсы матчы өтеді

19.02.2019

2019 жылғы баскетбол бойынша Әлем Чемпионатына іріктейтін Квалификация аясында Қазақстан Ұлттық құрамасының Аустралия мен Филиппиндер құрамаларына қарсы үйде өтетін матчтарына билеттер сатылымы басталды. 

Әлем Чемпионатына іріктейтін Азиялық біліктілік аясында қорытынды болатын келесі матчтарды «дала қасқырлары» өз алаңында өткізеді.

21 ақпанда, бейсенбі күні Қазақстанға F тобының көшбасшылары – Аустралия құрамасы келеді. Біздің құрама олармен 2018 жылдың 17 қыркүйегінде Жасыл континентте кездескен болатын. Сонда қарсыластар мықтырақ болып шығып, жеңіске жетті – 94:41. Матчтың басталуы Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де. Билеттердің онлайн сатылымы Ticketon.kz сайтында.

24 ақпанда, жексенбі күні қазақстандық жасақ Филиппин құрамасын қарсы алады. Олармен болған бірінші кездесу 2018 жылдың 30 қарашасында Манилада өтіп, біздің жігіттеріміздің қайсарлы жеңісімен аяқталды – 88:92. Матчтың басталуы Астана уақыты бойынша сағат 20:30-да. Билеттердің онлайн сатылымы Ticketon.kz сайтында.

Екі матч та «Сарыарқа» республикалық велотрегінің алаңында өтеді. Алаң жанындағы трибуналарға билеттердің бағасы – 3 000 теңге (билеттің бағасына Әлем Чемпионатына іріктейтін Азия Квалификациясының бейнелемесімен өрнектелген айрықша футболка кіреді).

Біз барлық спорт сүйер қауымды, қазақстандық баскетбол бағалаушыларын және де құрама жанкүйерлерін матчтарда күтеміз. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды!


Дереккөз: https://nbf.kz/

Бөлісу: