«TrackMan Saryarka» жарысын өткізіп алмаңыз!

18.01.2019

2019 жылдың 2-3 каақпаны аралығында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде велосипед спортынан «TrackMan Saryarka» жарысы өтеді.

Аталмыш жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ардагерлер мен әуесқойлар арасында велоспортты насихаттау, тректе велосипед спортынан велошабандоздарды анықтау.

Жарыстың бағдарламасы:

2 ақпан – мандаттық комиссия, тіркеу (нөмір және лотерея билетін алу) және қатысушылардың жеке жарысы (12 айналым).

3 ақпан – шараның салтанатты ашылуы, Гит жарысы (1000 м), ұтыс ойыны және марапаттау рәсімі.

«TrackMan Saryarka» жарысы 6 жас санаты бойынша өтеді:

1 топ – 18-30 жас; 2 топ – 30-39 жас; 3 топ – 40-49 жас, 4 топ – 50-59; 5 топ – 60-69 және 6 топ әйелдер.

Жарысқа тиісті спорттық дайындығы бар халықаралық елдердің өкілдері, Қазақстан Республикасының спорт ардагерлері мен әуесқойлары қатыса алады.

2017-2018 жылдары аралығында Қазақстан велоспорт және триатлон федерациясының лицензиясын алған спортшылар аталмыш жарысқа жіберілмейді.

Жарысқа қатысу үшін жеке куәліктің көшірмесін және белгіленген үлгі бойынша атаулы өтінімді ұсыну қажет. 

Жарыс қатысушыларында шлем, киім формасы және велосипед (трек және шоссе жарысына арналған ақаусыз жабдық) болуы тиіс.

Өтінім 2019 жылдың 2 ақпанына дейін utegenov.b@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Жеңімпаздарға естелік медальдар мен мадақтамалар табысталады.

Жарыстың ұйымдастырушысы «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК.

Өтетін орны: «Сарыарқа» велотрегі, Қабанбай батыр даңғылы 45 А.

Жарысқа қатысу сұрағы бойынша байланыс телефоны: 8 (701) 511 11 50 Бауыржан.

Серіктестік мәселесі бойынша байланыс телефоны: 8 (775) 826 76 79 Динара.

ӨТІНІМ «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК арнайы жүлдесі үшін велосипед спортынан әуесқойлар арасындағы «TrackMan Saryarka» жарысы

Бөлісу: