Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына аз ғана уақыт қалды

10.06.2013

Төртінші күн Астанада ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасындағы маңызды Азия чемпионатының бірі өтіп жатыр. Чемпионатқа 18 елден Азияның ең мықты зілтеміршілері қатысуда.

Бүгін Астанаға Чемпионаттың құрметті қонақтары – Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамас Аян мен Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мохамед Юсеф Аль-Мана ресми сапармен келді. Олар өтіп жатқан Чемпионат және алдағы әлем чемпионаты туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Тамас Ажан, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті

«Қазақстан Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 4 алтын жеңіп алды. Бұл қазірдің өзінде қазақстандық спортшылардың жоғары әлеуетін көрсетеді. Осындай ауқымды Азия чемпионатын өткізгені үшін Қайрат Тұрлыханов пен Мохамед Юсеф Аль-Манға алғыс айтамын. Бұл Қазақстан үшін келесі жылы өтетін әлем чемпионаты алдындағы дайындықтың бір түрі. Мен көптеген әлемдік жарыстардың ұйымдастырылғанына куә болдым және бұл Чемпионаттың қалай өтіп жатқанын көріп, жарысты ұйымдастырушылар мен қатысушылар туралы тек жақсы пікір айта аламын. Сондай-ақ Халықаралық ауыр атлетика федерациясының атынан Қазақстанның спорт министрі мен спорт вице-министріне алғысымды білдіремін.Өтетін орын таңдауын атап өтпеу мүмкін емес. Биыл біз велотрегінде Азия чемпионатын өткізіп жатырмыз. Бұл кешен халықаралық жарыстарды өткізудің барлық стандарттарына сәйкес келеді. Мұнда халықаралық жарыстарды лайықты өткізуге барлық жағдай жасалған. Біз әлем чемпионатын осы спорт кешенінің алаңында өткізуге қуанышты боламыз. Біздің жоспарымыз – әлем чемпионатында 350-ден астам мемлекетті жинау. Қазір Қазақстанның спорт және дене шынықтыру істері басқармасының төрағасымен келіссөздер жүргізілуде. Олимпиада комитеті, спорт агенттігі және біз әлем чемпионатын лайықты деңгейде өткізу үшін барлық қажетті жағдайды жасауға тырысамыз деп сенемін».

Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мохамед Юсеф Аль Мана да өз ризашылығын білдіріп, ауыр атлетика федерациясының алдағы жұмысы туралы пікірімен бөлісті.

- Тамас Ажанға алғысымды білдіремін және оны Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті болып қайта сайлануымен құттықтағым келеді. Чемпионатта Азия құрлығының өкілдері тамаша нәтиже көрсетуде. Әли Муради, Қайрат Тұрлыханов және мен халықаралық шараларды өткізуде көбірек қолдау мен тәжірибе қажет деп есептейміз. Томас Ажан мырзаның Азия Федерациясының мәселелеріне көбірек көңіл бөлгеніне ризамыз.

Баспасөз мәслихатының соңында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов конференцияның құрметті қонақтарына және БАҚ өкілдеріне Азия чемпионаты мен алдағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізуге көрсеткен пікірлері мен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

«Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі
Сейталиева Анара

Бөлісу: