«Жыл жаңалығы» аталымы Глеб Брусенский мен Евгений Федоровқа бұйырды

05.12.2018

2018 жылдың 4 желтоқсанында ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық спорттық жүлде – 2018» жеңімпаздары анықталды. Естеріңізге салсақ, қазақстандықтар ҚР ҰОК сайтында сүйікті спортшысына дауыс беріп, қолдау көрсетті.

Дауыс беру нәтижесінде Аргентина еліндегі ІІІ Жазғы жасөспірімдер олимпиадасында алтын медаль еншілеген велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері Глеб Брусенский мен Евгений Федоров (жатықтырушы Вадим Горбачевский) «Жыл жаңалығы» аталымы бойынша марапатталды. 

Ендеше велоспорт сүйер қауымға біздің спортшыларымызға дауыс беріп, оларды қолдағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: