Балалардың жаңа жылдық үлгілік өнер көрсетуі

06.12.2017

15 желтоқсанда сағат 18.00 мұз айдынында балалардың жыл сайынғы жаңа жылдық үлгілік өнер көрсетулері өткізіледі.

Бұл жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірім ұрпақ арасында мәнерлеп сырғанауды дәріптеу және дамыту, спорт дағдыларының деңгейін жоғарлату және дарынды мәнерлеп сырғанаушыларды айқындау болып табылады.

Өнер көрсетуге мәнерлеп сырғанау секциясына қатысатын 4-12 жас арасындағы балалар қатысады. Бағдарлама 10 қысқа жеке өнер көрсетуден және 2 жалпы өнер көрсетуден тұрады. Балалар жаттығу жылдары алған дағдыларын көрсетеді. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталатын болады.

Көрермен ретінде өнер көрсету іс-шарасына әр қалаушы қатыса алады.

Жарыстың ұйымдастырушылары «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК болып табылады.

Өткізу орны және уақыты: 
Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 45А, «Сарыарқа» мұз айдыны

БАҚ аккредитация алу үшін +7 (7172) 70 71 52, + 7 775 826 76 79 нөмірлері бойынша байланысуыңызды сұраймыз.



Велосипед спортынан ОДО

баспасөз қызметі

Бөлісу: