Мәнерлеп сырғанаудан балалардың жаңа жылдық көрсетілімі өтеді

12.12.2019

2019 жылдың 13 желтоқсанында «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан тәрбиеленушілердің жаңа жылдық көрсетілімі өтеді.

Жаңа жылдық көрсетілімге мәнерлеп сырғанау секциясының 4-тен 12 жасқа дейінгі 40-тан астам тәрбиеленуші қатысады. Бағдарлама жеке және топтық көрсетілімдерден тұрады.   Орталықтың барлық тәрбиеленушілері жыл бойы алған дағдыларын көрсетеді. Оларға грамоталар мен жаңа жылдық сыйлықтар беріледі.

Мәнерлеп сырғанаудың барлық көрермендері аталмыш іс-шараға қатысып, балаларға жанкүйер бола алады.

Өткізілетін орны: Қабанбай батыр даңғ., 45А. «Сарыарқа» велотрегінің мұз айдыны.

Басталуы: сағат 19.00-де.


Бөлісу: