Андопинг бағдарламасы бойынша дәріс оқылды

18.09.2020

2020 жылдың 17 қыркүйегінде «Сарыарқа» велотрегінің мәжіліс залында ұлттық допинге қарсы орталықтың қызметкерлерімен кездесу өтті. Дәріскер ретінде сөз сөйлеген Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығының қызметкері Жұмабаева Ғалия допингке қарсы бағдарламадағы жаңашылдықтар туралы және допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікке қатысты Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңындағы негізгі өзгерістер туралы айтты.

Кездесуге велосипед спортынан олимпиадалық дайындық орталығының велосипедшілері, трек спринт бөлімінің аға жаттықтырушысы Савицкий В.С., ҚР ҰҒК ҰҒК мүшесі, дәрігер Жармухаметов А.М., оқу-әдістемелік бөлімнің әдіскері Каскирбаева Ж.Х. қатысты

Бөлісу: