Велошабандоздардың Азия Чемпионатындағы жаңа жеңістері

11.01.2019
Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия Чемпионатында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары үздік нәтиже көрсетті.
Жарыстың екінші күнінде Ақпейіл Өсім омниумнан 3 орынды иеленді. Ал Темірхан Сиазбеков болса кейринде 2 орынды еншілесе, Андрей Крейс 8 орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, ерлер арасында Павел Воржев 7 орынға, Сергей Пономарев 9 орынға тұрақтады.

Жарыстың үшінші күнінде Эльвира Хамзина қыздар арасындағы ұпай бойынша топтық жарыста қола медальды қанжығасына байлады. Ал ұлдар арасындағы командалық ізге түсу жарысында Сергей Кармажаков, Даниил Пехотин, Дмитрий Потапенко және Дмитрий Носков күміс медальға қол жеткізді.

Ендеше велошабандоздарды жемісті жетістігімен құттықтаймыз. Әлі де алар асулары, шығар белестері көп болсын!

Сонымен қатар, 15 қаңтарда сағат 01.30-да Астана қаласының халықаралық әуежайында Азия чемпионатына қатысқан спортшылармен кездесу өтетінін хабарлаймыз. Барлық тілек білдірушілерді кездесуге шақырамыз.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі


Бөлісу: