Кешеннің жұмыс режимі туралы

03.06.2020

Құрметті "Сарыарқа" велотрегінің келушілері!

Қазіргі уақытта кешен жартылай жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетуде. Анығырақ айтқанда, тек ауладағы футбол алаңдары ғана пайдалануға берілді. Біз қазіргі таңда фитнес орталықтың, мұз айдынының және спорт залдарының жұмыстарын қайта  жандандыру үшін санитарлық-эпидемиялық және дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, спорт кешенінің толықтай қызмет көрсететін уақытын тағатсыздана күтеміз және бұл туралы міндетті түрде сіздерді хабардар етеміз. Ал Сіздерден қазіргі жағдаятқа  түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Сіздермен қайта қауышатын уақытта аса ыждағаттана күтетін боламыз. Денсаулықтарыңыздың мықты болуын және сабырлы болуларыңызды тілейміз!

Бөлісу: