Спорт саласын оңтайландыру туралы

14.09.2020

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Серік Жарасбаев спорт саласында күтілетін өзгерістерге өз пікірін білдірді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында министрлік республикалық Олимпиадалық даярлау орталықтарының жұмысын оңтайландыруды қолға алынады. Осылайша, бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 9 орталық 3 орталық болып біріктіріледі» - деді Серік Маратұлы.

Сондай-ақ, ол олимпиадалық даярлау орталықтарының жұмыстары туралы да айтып өтті:  Елордада  еліміздің спорттық әлеуеті шоғырланған, сонымен қатар бұл жерде халықаралық талаптарға сай келетін Велотрек бар. Дәл осы спорт нысаны жанынан орталық ашу жоспарлануда. Велотрек көпфункционалды спорттық объекті. Оны бокс алаңы, дзюдо татамиі, гимнастикалық кілем, баскетбол не волейбол алаңына айналдыруға болады. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл атлетика манеж тұрғызылады. Бұл нысан дүниежүзілік жеңіл атлетика Ассоциациясының барлық талаптарына сай болады. Жуық арада бұл объект де аталған орталықтың басқаруына берілуі мүмкін».

Дереккөзі: www.egemen.kz.

Бөлісу: