Фитнес орталығына келушілердің назарына!

11.07.2018

Ағымдағы жылдың 11 маусымында болған әлеуметтік желілердегі азаматтардың шағымына байланысты «Сарыарқа» фитнес орталығының әкімшілігі жауапты мамандардың қадағалауымен, арнайы құрал-жабдықтар мен реагенттерді қолдана отырып, бассейнде тазарту жұмысы жүргізілетінін хабарлайды. Бассейндерді сүзу жұмысы тәулігіне 24 сағат бойы автоматты түрде орындалады. Сондай-ақ әр тоқсан сайын су тазартылып, төгіледі, тиісті деңгейде дизенфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Осы орайда кіші бассейндегі кемшіліктерді түзету үшін 11-12 маусым аралығында қосымша профилактикалық жұмыс атқарылады.

«Сарыарқа» фитнес орталығының әкімшілігі

Бөлісу: