Кәсіпорын қызметкерлері арасында Президент Жолдауы талқыланды

06.10.2018

5 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнаған болатын. Маңызды құжатта еліміздің дамуына қатысты бірқатар келелі мәселелер көрсетілді.

Осыған орай бүгін сағат 10:00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде кәсіпорын қызметкерлері арасында Елбасының халыққа Жолдауы талқыланды.

Аталмыш жиында спикерлер «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры Бауыржан Өмірсерікұлы Мұқашев, Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының директоры Мыхыбаев Абзал Тұңғатарұлы, медициналық қызмет бөлімінің басшысы Маханбет Медет Елтайұлы сөз сөйледі.

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығының баспасөз қызметі

Бөлісу: