Мемлекет басшысының бабын талқылау Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығында өткізілді

14.04.2017

2017 жылдың 14-сәуірінде «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-да Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бабына талқылау жүргізілді. Іс-шараға «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның қызметкерлері қатысты.

Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламалық бабынан: «Жаңа типті жаңғыртудың бастапқы шарты- өз мәдениетімізді, өз ұлттық кодымызды сақтау. Онсыз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналады. Бірақ бұл,болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтындығы айдан анық.Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс.Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білуі қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын».

Мемлекет басшысы ,әлем жаңа тарихи кезеңін бастағалы отырғанын атап өтті. Сондықтан, жаңа дәуірден ең жақсысын алып, жаңа жағдайларға бет бұрып және бейімделген маңызды. Нұрсұлтан Назарбаев, жеке адам ғана емес, тұтас халық өзі бәсекеге қабілеттілігін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндігі бар екендігін атап өтті. Және де өз тамырларыңды ұмытуға болмайды. Ал өз тамырларына махаббат пен құрмет, туған жеріне қамқорлық жасаудан басталады.

Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық бабында, дағдыларды және қасаң қағидаларды өзгертпейінше , жаңғырудың мүмкін еместігін айтып, маңызды бағыт- прагматизмді ерекше атап өтті.Өткен апаттар, соның ішінде экологиялық апаттар,бағаланбайтын үлкен залал келтірді. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаев шынайы мақсаттарға жету ықпалымен, тиімді өмір сүре білу – бұл нағыз тәртіптегі прагматизм дейді. Және де бұл замауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі.Сонымен қатар, ұлттық сәйкестікті сақтау- басты міндеттердің бірі. Президент ұлттық салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрыпымыздың, әдебиетіміздің мәңгілік халықпен қалуы тиіс екендігін атап өтті.Өз жерінің тарихын білу және мақтан тұту – қажетті және пайдалы іс.Бірақ бұдан да маңызды – ұлы және тұтас ұлтқа қатысы туралы ұмытуға болмайды.

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың бабындағы қағидаларды толық қолдай отырып, Президенттің қойған мақсаттарына жету үшін бар күшін салады.

Велосипед спортынан
олимпиадалық даярлау
орталығының баспа қызметі


Бөлісу: