Велоспорт ардагері Валентина Кузнецовамен ресми кездесу

17.04.2014

Қазақстан велоспортының жүз жылдық мерейтойы қарсаңында 2014 жылдың 18 сәуірінде «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Қазақстан велоспорт федерациясымен бірлесе отырып, велоспорт ардагері Валентина Кузнецовамен ресми кездесу өтеді.

Валентина Кузнецова (Целиноград) – КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, КСРО құрамасының мүшесі (1973-1976), Қазақстан құрамасының мүшесі (1970-1976).

Кузнецова – 1974 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы (Монреаль, Канада) – 9 орын, Киевте (Украина) 62,5 шақырымға топтық жарыста КСРО чемпионатының қола жүлдегері, Каунастағы (Литва) КСРО чемпионатының күміс жүлдегері. 1975 жылы «МОСКВА КОМСОМОЛЕЦ» халықаралық веложарысының жеңімпазы, 1975 жылы Минскіде (Беларусь) өткен КСРО Кубогының иегері. Қазақстан Республикасының 72 дүркін чемпионы және жүлдегері

Кездесу бағдарламасында өткен күндер, қазақ велоспортының ардагерінің көзімен заманауи велоспорттың қалыптасуы мен бүгінгі күні туралы әңгімелер бар. Сондай-ақ, Кузнецованың медальдар қатарының шағын тұсаукесері және велоспорттан ҚР құрамасының спортшыларының қатысуымен шағын фотосессия жоспарланған.

Барлық мүдделі журналистерді шараны жарыққа шығаруға және Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысына сұрақтар қоюға шақырамыз.

Кездесу 2014 жылдың 18 сәуірінде сағат 16.00-де «Сарыарқа» Республикалық велотрегінің жолында өтеді.

Мекен-жайы: «Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қабанбай батыр көшесі, 45а, солтүстік кіреберіс, 0 қабат.

Байланыстағы тұлға: Сейталиева Анара: +7 (7172) 70-71-91, 70-71-46, +7-778-948-42-84

Бөлісу: