Әлем және олипиада чемпионы Алексей Ягудин мәнерлеп сырғанау жиындарын өткізеді!

15.10.2019

2019 жылдың 26 қазан мен 3 қарашасы аралығында тұңғыш рет Қазақстан астанасында, "Сарыарқа" велотрегінің базасында Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы және үш дүркін Еуропа чемпионы Алексей Ягудиннің қатысуымен "inSkate" Күзгі демалыс" атты мәнерлеп сырғанау Жиындары өтеді. Жиынның жаттықтырушылар штабында конькимен сырғанаушыларға арналған #inSkate инновациялық спорттық-әдістемелік жобасының бірлескен негізін қалаушы Алексей Моторин және мәнерлеп сырғанаудан ресейлік спорт шебері, жаттықтырушы және сырғанау техникасының маманы Антон Юрьевич бар.

Толық ақпаратты @ast.agency парақшасынан және https://ast.agency/ сайтынан біле аласыздар.

Бөлісу: