Токио – 2020 Паралимпиадалық ойындарына Қазақстан Республикасының құрама командасы аңықталды

24.08.2021

2021 жылдың 24 тамыз - 5 қыркүйек аралығында XVI жазғы Паралимпиадалық ойындары Японияның астанасы Токиода өтеді. Қазақстан тарапынан 26 параспортшы 7 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын қорғайды.

Қазақстандық спортшылар Токио-2020 Паралимпиадалық ойындарына жүзуден 7 жолдама, дзюдодан 7 жолдама, пауэрлифтингтен 5 жолдама, таеквондодан 3 жолдама және жеңіл атлетикадан 2 жолдама ұтып алды. Оған қоса, пара каноэдан және пара нысана көздеп ату спорт түрлері бойынша Паралимпиадалық ойындарға алғаш рет Қазақстан атынан спортшылар жолдама алды.    

Токио-2020 Паралимпийадалық ойындарында Қазақстанның туын пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы Нұрлан Домбаев пен Рио-2016 XV Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Қойшыбаева Раушан көтеріп шығатын болды.

Токио 2020 – бұл Қазақстан Республикасының параспортшылары қатысып отырған алтыншы Жазғы Паралимпиадалық ойындары. 1996 жылдан бері Қазақстан атынан Паралимпиадалық ойындарына алғаш рет жиырмадан артық спортшылар жолдама алып отыр. 

Токио – 2020 Паралимпиадалық ойындарына Қазақстан Республикасының құрама командасы:

Жүзу:

  1. Жұмағали Нұрдаулет
  2. Советқанов Нұрали
  3. Далиев Сиязбек
  4. Салимгереев Ержан
  5. Габидулина Зульфия
  6. Агалаков Роман
  7. Рахимбекова Алия

Жеңіл атлетика:

  1. Мұқашбеков Дастан
  2. Абылқасымқызы Салтанат

Дзюдо:

  1. Аманжол Жанбота
  2. Байбатина Зарина
  3. Даулет Темиржан
  4. Федосова Даяна
  5. Сариев Ануар
  6. Смағұлұлы Ғалымжан
  7. Утепов Ерлан  

Каноэ:

  1. Спатай Бибарыс

Таеквондо:

  1. Домбаев Нурлан
  2. Өміралі Нышан
  3. Досмалова Кәмиля

Пауэрлифтинг:

  1. Дегтярев Давид
  2. Қойшыбаева Раушан
  3. Хамаев Рахмеджан
  4. Абдыхалыкова Гульбану
  5. Солодухина Алина

Нысана көздеп ату

  1. Джумабаева Айсулу

Бөлісу: