«Astana Open» турнирінің жеңімпаздары анықталды

03.07.2018

Астана қаласының 20 жылдығына орай ағымдағы жылдың 19-21 маусымында өткен «Astana Open» ашық Халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Еске салсақ, WT таеквондо жарысы кадеттер, балалар мен жасөспірімдер арасында өтті. Нәтижесінде балалар арасында 1 орынды Аружан Құдайбергенова (28 келі салмақ дәрежесінде), Балауса Арапат (26 келі салмақ дәрежесінде), Элеонора Шералы (24 келі салмақ дәрежесінде) иеленді. Ал 2 орынмен Мария Тю (22 келі салмақ дәрежесінде), Беккали Нурумбетов (33 келі салмақ дәрежесінде), Балнур Каумбай (36 келі салмақ дәрежесінде) көтермеленді. Кадеттер арасында 3 орынға Асылтас Бажан (55 келі салмақ дәрежесінде), Диана Слямханова (37 келі салмақ дәрежесінде) тұрақтады.

Жасөспірімдерді нәтижелі жеңіспен құттықтаймыз және биік белестерді бағындыруларына тілекшіміз!

«Велосипед спортынан олимпиадалық
даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: