EXPO 2017 аясындағы «Кәсіпқой бокс кешіне» санаулы күндер қалды.

06.09.2017

Биылғы күздің басты оқиғаларының бірі – «Кәсіпқой бокс кеші». Оған дейін санаулы күндер қалды. Іс-шара 2017 жылдың 9 қыркүйегінде өтеді. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында.

Осы жылдың 6 қыркүйегі Сағат 13:00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінің аумағында қазақстандық және канадалық кәсіпқой боксшылар Қанат Ислам мен Брэндон Куктың баспасөз мәслихаты өтті.

Кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде қарсыластар 1-орта салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental және WBO-NABO чемпиондық титулын сарапқа салады, оны қазір Қанат Ислам атқарады.

Шараға Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жаңабаев сынды қазақтың белгілі боксшылары қатысады. Отандастарымыз әлемдік кәсіпқойлармен күш сынасады.

2017 жылғы 8 қыркүйек Боксшылардың ашық салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

2017 жылғы 9 қыркүйек Боксшылардың жекпе-жегі өтеді.

Керемет жекпе-жекті көру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Велоспорт орталығының баспасөз қызметі


Бөлісу: