Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты мақаласына пікір

09.04.2020

Бірлесе білген ел бәрін жеңеді. Дәл осындай атаумен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа мақаласы жарық көрді. 

Ол жерде қазіргі таңда қалыптасқан жағдай мен оны реттеудегі әр қазақстандықтың рөлі жайында айтылған. 

Елбасы сылдыр статистикаға не проценттік көрсеткіштерге сүйінбейді. Барынша қарапайым және түсінікті тілде әлемдегі ахуалды суреттеп, елдегі бірлік пен беркенің маңызына ерекше тоқталған. Қиындыққа тап болған кез-келген адам жақындарын, достарын, жанашырларын іздейтіні анық. 

Осы тұрғыда Ұлт Көшбасшысы ретінде Елбасы халыққа қамқоршы екенін көрсетіп отыр. Үш аптадай үйқамақта отырған жерлестеріміз үшін бұндай қолдаудың маңызы зор. 

Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласында Президент және Үкімет қолға алған шараларға тоқталып, оның қажетті және уақытылы шешім болғанын алға тартады. Ал, жергілікті атқарушы органдар оны бұлжытпай орындап, қауіпті дерттің бетін қайтару үшін аянбай еңбектеніп жатқанын сөз еткен. 

Соған сәйкес, халық та, яғни, әр қазақстандық азаматты өзінің және өзгелердің денсаулығына бей-жай қарамауға шақырды. Өйткені, оның артында «ұлт саулығы» деген дүние тұр. 

Ал, ұлт саулығы мемлекет қауіпсітігінің негізгі тетіктерінің бірі саналады. Елбасы орынсыз уайымға беріле бермеу керектігін де алға тартады. Оның орнына салмақты ойлап, саналы әрекет жасап, тығырықтан шығуды амалдарын қарастыру қажет. 

Бүкіл әлем біріге отырып, осы дағдарысты еңсеруге күш салғаны дұрыс дейді. Тұңғыш Президент Қазақстан халқының әр буынына жеке-жеке тоқталып, мойындарына артылған жауапкершілікті де сөз етті. 

Мәселен, үлкендер жағы айналадағы жұртын ұйыстырып, тұратылық пен татулықтың қадірін түсіндіруі қажет. Ал, жас толқын барлық күш-жігерін ел игілігіне жұмсап, өз жерлестері үшін қолдан келер көмегін аянып қалмаса дейді. 

Осының барлығын тізбелей келе Елбасы Қазақстан халқының ынтымағына үлкен үміт артып, соның арқасында кез-келген қиындықты еңсере алатынымызға сенім танытады.

Бөлісу: