«Астана» ПБК - «Локомотив-Кубань» ПБК

05.12.2017

Осы жексенбі, 10 желтоқсан, сағат 15:00-де елордалық «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында өз алаңында Краснодардың «Локомотив-Кубань» командасымен матч өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Локомотив-Кубань» — ВТБ Бірыңғай лигасы мен Еурокубокта өнер көрсететін ресейлік кәсіпқой баскетбол клубы. Клуб 1946 жылы Минеральные Водыда құрылған.

Қызығушылық танытқандар билеттерді кассадан (SE кіреберісі) сатып ала алады. Билет бағасы: 200 теңгеден 500 теңгеге дейін.

Велоспорт орталығының баспасөз қызметі


Бөлісу: