«Жүзден Жүйрік 2022» жүзуден алғашқы жарыс өтті

11.04.2022

10 сәуірде «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің аумағында Біздің нысандарымыздағы «Qazaqstan» және «Сарыарқа» велотрегінде – жүзу секциясына баратын жас спортшылар арасында «Жүзден Жүйрік 2022» жүзуден алғашқы жарыс өтті. Ең кішкентай қатысушы 5 жаста, ең үлкені 16 жаста. Қатысушылардың жалпы саны 200 балаға жетті. Жас спортшылар еркін стильде 25 және 50 метр қашықтықты жүзіп өтті. Марапаттауды орталық директоры Андрей Витальевич Могилевский және оның орынбасары Саным Мухтаровна Шарипова жүргізді. Аталған жарыстарды жыл сайын бұқаралық спортты дамыту, балаларды спортпен айналысуға ынталандыру, нәтижеге қол жеткізуге талпыныс жасау шеңберінде өткізу жоспарланып отыр.

Бөлісу: