Швейцариядағы Әлем чемпионатының бірінші күні

15.08.2018

Швейцария елінің Эгль қаласында велосипед спорты бойынша тректе Әлем чемпионатының алғашқы күндері басталды. Аталмыш жарыс 19 тамызға дейін жалғасын табады.

Бүгін спортшыларымыз командалық ізге түсу жарысы, командалық спринт, стретч спорт түрлері бойынша сынға түседі.

Тарихқа үңілсек, біздің елдің спортшылары Әлем чемпионатында бір қола медальға қол жеткізген. Қазіргі таңда еліміз Эстония, Лихтенштейн, Қытай және Корея Республикасынан кейін 41 орынға тұрақтады.

Спортшыларымыздың әлем чемпионатында жүлделі орындарды иеленуіне және жемісті жетістікпен оралуына тілекшіміз! 

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: