Спортшылар Белоруссияда өткен халықаралық жарыста жеңісті тұғырдан көрінді

05.04.2019

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары халықаралық жарыста жеңісті тұғырдан көрінді. Жасөспірімдер арасында Кристина Титовская, ал қыздар арасында Нина Зайцева тас жолындағы жекелей сында жүлделі 3 орынды иеленді.

Естеріңізге салсақ, велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Белоруссияның Минск және Мозырь қалаларында өтіп жатқан халықаралық жарыстарға қатысуда. 

Велошабандоздарды жемісті жетістігімен құттықтаймыз. Әлі де алар асулары, шығар белестері көп болсын! 


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 

Бөлісу: