Триатлоннан ұлттық біріншілік жеңімпаздары анықталды

04.03.2019

Бүгін астаналық «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасының жабық ғимараттағы триатлон бойынша қысқы чемпионаты аяқталды. Екі күндік сайысқа Астана, Шымкент қалаларынан және Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 74 атлет қатысты.

Сайыстың бірінші күнінде жүзу және жүгіру бағдарламалары өткізілді. Дәстүрлі түрде сайыстарды Elite, U23 және U19 санаттарының атлеттері ашып, 400 м жүзу және 2000 м жүгіруден сайысқа түскен. U15 және U17 санатындағы спортшылардың қашықтығы екі есе қысқа болды.

Қысқы чемпионаттың екінші күні велосипед сегментіне арналды. Кейбір атлеттер үшін «Сарыарқа» велотрегінің сопақ пішінді болуы жаңалық болды және сергіту үшін берілген уақыттың өзі толық бейімделу және дайындалуға жеткіліксіз болғаны байқалды. Осы күні 17 жасқа дейінгі жас тобы бойынша атлеттер 2000 метр қашықтықта, ересектер – 4000 метрлік қашықтықта сайысты.

Чемпионаттың барлық кезеңдерінде әр түрлі жас топтарының қатысушылары арасында ауқымды сайыс болғанын айтып кету керек. Оны қорытынды нәтижелерінің жоғары тығыздығынан байқауға болады. Сонымен қатар, спорт әуесқойларын көптеген жаңа талантты спортшылардың пайда болғаны және олардың алдағы уақытты тәжірибелі атлеттердің өздеріне де бәсекелес бола алатыны қуантты.

Қазақстан Республикасының жабық ғимараттағы триатлон бойынша қысқы чемпионатының жеңімпаздары:

M-Elite санаты (жүзу 400 м, жүгіру 2000 м, велосайыс 4000 м):
1. Александр Автушко (Шымкент) – 52:23;
2. Никита Курганский (Ақмола обл.) – 54:21;
3. Михаил Гончаров (ШҚО) – 1:02:28.

F-Elite санаты (жүзу 400 м, жүгіру 2000 м, велосайыс 4000 м):
1. Ашраф Камалова (Акқмола обл.) – 1:00:59;
2. Надежда Бекмаганбетова (Ақмола обл.) – 1:01:27;
3. Яна Зимницкая (Ақмола обл.) – 1:03:45.

M-U23 санаты (жүзу 400 м, жүгіру 2000 м, велосайыс 4000 м):
1. Дэнис Туницкий (Ақмола обл.) – 53:31;
2. Владислав Иванов (Ақмола обл.) – 54:30;
3. Владислав Кудин (Шымкент) – 56:44.

M-U19 санаты (жүзу 400 м, жүгіру 2000 м, велосайыс 4000 м):
1. Алихан Абусеит (Шымкент) – 54:21;
2. Рашид Романчук (Ақмола обл.) – 56:13;
3. Виталий Белов (Ақмола обл.) – 56:32.

F-U19 санаты (жүзу 400 м, жүгіру 2000 м, велосайыс 4000 м):
1. Владислава Артюшенко (Астана) – 1:03:2;
2. Наталья Короткова (Ақмола обл.) – 1:08:14;
3. Маргарита Гарикова (ШҚО) – 1:10:19.

M-U17 санаты (жүзу 200 м, жүгіру 1000 м, велосайыс 2000 м):
1. Ерасыл Аманжолов (Шымкент) – 20:11;
2. Асатбек Нарметов (Шымкент) – 21:15;
3. Тимур Капкаев (Шымкент) – 21:45.

F-U17 санаты (жүзу 200 м, жүгіру 1000 м, велосайыс 2000 м):
1. Бибижан Калдыханова (Шымкент) – 26:05;
2. Аружан Аманжолова (Түркістан обл.) – 27:26;
3. Виктория Бабина (ШҚО) – 28:10.

М-U15 санаты (жүзу 200 м, жүгіру 1000 м):
1. Мехат Даиров (Ақмола обл.) – 09:57;
2. Адильбек Ашимханов (Ақмола обл.) – 10:07;
3. Аян Абильмажинов (Ақмола обл.) – 10:11.

F-U15 санаты (жүзу 200 м, жүгіру 1000 м):
1. Хафиза Гультураева (Шымкент) – 11:28;
2. Арина Пихидько (Ақмола обл.) – 12:16;
3. Вероника Иванюк (Шымкент) – 12:40.

Дерек көзі: http://triathlon.org.kz

Бөлісу: