«Астана» «Каспиймен» Ұлттық лига аясында кездеседі

04.03.2019

4 және 5 наурыз күндері «Сарыарқа» республикалық велотрегінде, «Астана» Президенттік баскетбол клубы мен Ақтаудың «Каспий» командасы арасында, Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы кезекті екі ойыны өтеді.

Өткен маусымдағы Қазақстан чемпионы, яғни «Астана» ПБК биылғы ел біріншілігі додасында әлі бірде-бір ойында ұтылмай, Ұлттық лиганың турнир кестесінде жеке дара көш бастап келеді. Ал Ақтаудың «Каспий» командасы дәл қазір осы кестеде 7-орынды иеленіп тұр.

Командалар 11 және 12 желтоқсан күндері елорда төрінде кездесіп, екі матчта да «Астана» клубы Ақтау командасынан 95:60 және 104:57 есептерімен басым түскен. «Каспий» алдағы екі матчта елордалықтарға төтеп бере ала ма, жоқ па, оны 4 және 5 наурыз күндері біле аласыздар.

4 және 5 наурыз күндері «Сарыарқа» велотрегіне келіп, біздің командамызға қолдау көрсетіп, ойынды тамашалай аласыздар. Матчтың басталуы – Астана уақытымен 19:30-да. 


Дереккөз: http://pbcastana.kz


Бөлісу: