Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

15.12.2017

Құрметті Қазақстандықтар!

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы, ең маңызды мерекесі– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!

Әр   халық және әр ұлт  үшін туған елінің тәуелсіздігінен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Қазақстан халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болып, алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, экономикалық тұрақты дамыған,  одан әрі  өсіп-өркендеген, әлем қауымдастығы мойындаған іргелі мемлекетке айналды. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын да ұлттық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізіп,  дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде.

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақыт, байлық, береке, игілік тілейміз!  Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!


Құрметпен, «Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК әкімшілігі

Бөлісу: