9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

08.05.2018

Құрметті соғыс ардагерлері және тыл қызметкерлері!   Қадірлі Қазақстандықтар!

Баршамызды бостандықпен еркіндікке жеткізген Ұлы жеңіс күнімен Сіздерді шын жүрегімізден  құтықтаймыз! 

Жеңіс күні – бұл  мыңдаған ұрпақтардың ортақ мерекесі,  жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, майдан даласында шейіт болып, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Ұлы Отан соғысына аттанған 1 млн. 800 мың қазақстандықтардың жартысы өз еліне қайта оралмады. Ел алдындағы қасиетті борышын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған батыр ерлерге осы Жеңіс күні мәңгі тағзым етеміз.

Қазақстан соғыстың тылдағы арсеналы болды, неміске атылған 10 оқтың тоғызын біздің  халкымыз жасады. Ұлы Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлер, еңбекші ардагерлермен қатар біздің Отанымыз қаһарлы соғыс  жылдарында  туғандарынан айырылып, бейбітшіліксіз өмірге   ұшыраған көп адамдарды қабылдады. 

Майдангерлеріміздің ұмытылмас  батырлығы   ерліктің, жанқиярлылықтың,  қажымас қайраттылықтың,  жауынгерлік әрқашанда табандылықтың үлгісі болып қалады.

Осы мереке күні  ардагерлерге және барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, бақытпен гүлдену тілейміз!  Сіздерге – батыр жеңімпаздарға, мәңгілік даңқ! Тәуелсіз Қазақстанның халқы әрдайым бейбітшілікте өмір сүрсін!

Құрметпен, «Велоспорт бойынша

олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  әкімшілігі

Бөлісу: