Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтау!

14.12.2018

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік күні – еліміздің маңызды мерекелерінің бірі. Өткен 27 жыл ішінде қазақстандықтар мемлекеттің тұрақты іргетасын қалады. Бүгінде республиканың экономикасы мен әлеуметтік саласын нығайту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әл-ауқатын арттыру мақсатында тиісті жұмыс жүргізілуде. Бұл күн жас мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, өткенге тағзым етудің және болашаққа сеніммен қараудың нышаны болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, бейбіт те шуақты күндерді бағалайтын, Отанымыз – Қазақстанға адал еңбек ету, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліетің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: