Сіздерді мереке – Елорда күнімен құттықтаймыз!

03.07.2017

Қазақстанның бас қаласы Астана күні 2006 жылдың 6 шілдесінен бастап жыл сайын тойланады. 6 шілде де республиканың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.

Елорда күні Астана – мемлекеттің ресми мерекесі.
Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес қабылдады. Жаңа астанаға көшу 1997 жылы 20 қазанда болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Қазақстанның елордасы Астана болып өзгертілді. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «бейбітшілік қаласы» атағын алды. Биыл жас Астана 19 жасқа толды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Осында, көне Сарыарқа жерінде жай астана дүниеге келген жоқ. Бұл – ел болашағының бесігі. Астананың тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда – республикамыздың қуаттылығының, қарқынды дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды, болашаққа ұмтылған қалаға айналды. Елордамыз – Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күші мен ұлы тағдырына деген сенімінің символы. Бүкіл Қазақстандағы сияқты Астанада да бүгінде жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақ – Астана мен жаңа Қазақстанның құрылуының негізі осында».

Қазіргі Астана – Қазақстанның мақтанышы, ол еліміздің басты қаласына, қоғамдық, саяси, мәдени өмірдің орталығына айналды және жас елорда керемет жылдамдықпен өсіп, әлемдегі ең әдемі астаналардың біріне айналды.

Халықаралық мамандандырылған көрме Еуразияның орталығында – Астанада алғаш рет өтуде. Қазақстанның астанасы Париждегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас ассамблеясының 152-сессиясының отырысында өткен жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша мұндай құқыққа ие болды. Бельгияның Льеж қаласымен жеңіске таласатын Астана ХКБ-ға қатысушы елдердің 148 дауысының 103-ін алды. Жиналғандарға арнаған сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының атынан халықаралық көрмені Астанада өткізу туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты: - ЭКСПО алғаш рет кең байтақ Еуразия құрлығының дәл ортасында өтеді. «Болашақ энергиясы» дүниежүзілік көрмесі жаһандық энергетика саласындағы өзгерістерге қуатты серпін беретініне сенімдімін. Еліміз оның жоғары деңгейде өтуіне бар күш-жігерін салады», - деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті.

Қазақстан басшысы атап өткендей, Астанадағы ЭКСПО заманауи технологиялармен жабдықталған және қазірдің өзінде «жаңа елордамыздың үздік брендтерінің біріне» айналды.

Жас астанамыз көркейіп, барша қазақстандықтарды біріктіріп, көркейіп, әлемдік қауымдастықта өз орнын нығайта берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты достар!

Велоспорт орталығының әкімшілігі


Бөлісу: