Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

28.12.2018

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды әлем халықтарының ортақ қуанышына айналған - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жыл - өткен жылға көз жүгіртіп, таразылайтын, жүріп өткен бір жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын және жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше мереке. Өтіп бара жатқан жыл біздің орталығымыздың тарихында өнеге мен өркениетті істерге толы әрі айтулы оқиғалармен ерекшеленіп, табысты жыл болды.

Ендеше, жаңа 2019 жыл әр шаңыраққа құт-берекесімен еніп, қуаныш пен шаттыққа кенелткей және елімізге мол жақсылығы мен игілігін ала келсін. 2019 жыл бейбітшілік пен табыс жылы болсын!

Бөлісу: