Ардагерлерді құттықтаймыз

11.05.2016

2016 жылдың 6 мамырында «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Отан соғысы ардагерлерін құттықтап, азық-түлік пакеттерін сатып алды.

Құттықтаушылардың қатарында Ахметова Нұршида Шәріпқызы, Алпысбаев Нұрмахан, Ботев Иван Михайлович, Бекенов Қадан, Үсін Сейілбек Әкімбекұлы болды.

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әкімшілігі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін тағы да құттықтап, зор денсаулық, амандық тілейді.

Бөлісу: