Көктем мерекесі 8 наурыз арулар күнімен құттықтау!

06.03.2020

Құрметті Ханымдар, сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз!

Бүгінгі таңда әйелдер қауымы еліміздің барлық салаларында, яғни әлеуметтік-саяси аясында, бизнесте, шығармашылықта, спортта,  отбасында, аянбай еңбек етуде және  ұйымшылдықты, дарындылықты, қамқорлықты көрсетуде.

Әйел сұлулығы мен нәзіктігін бейнелейтін, ізгі ниет пен  сыйластыққа толы бұл керемет мереке  жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Жарқын және қуанышты күндеріңіз көп болсын, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Сіздергеге шын жүректен мықты денсаулық, еңбекте табыс, терең махаббат,  қуанышты сезімдер тілейміз. Сіздердің жанұяларыңызда әрдайым жылулық, бақыт, құт-береке толы орнасын!

Құрметпен, велосипед спортынан олимпиадалық
даярлау Орталығының Әкімшілігі

Бөлісу: