Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

29.08.2019

Құрметті Қазақстандықтар!

Баршаңызды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Ел тарихындағы ең маңызды сәттердің бірі – Ата Заңның қабылданған күні саналады. Осыдан жиырма төрт жыл бұрын қазақстандықтар жалпыхалықтық референдум негізінде жаңа Конституциямыздың қабылдануы үшін бірауыздан дауыс беріп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Халықтың еркіндігін айшықтайтын бұл құжат өзінің нормалары мен қағидаларымен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениеті дамыған елдердің қатарына жетелейді. 

Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілейміз!

Бөлісу: