1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

30.04.2017

Құрметті қазақстандықтар, Сіздерді ең негізгі және бірегей мейрамдардың бірі – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Сіздерге мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық, барлық істеріңізге табыс, туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңызға амандық-саулық, ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасына өркендеуін тілейміз!

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау ортылығы» РМҚК әкімшілігі


Бөлісу: