Наурыз мейрамы құтты болсын!

18.03.2015

Cіздерді табиғаттың жаңарып, құлпыратын мезгілі, ырыс пен ынтымақтың жарқын мерекесі Ұлыстын ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Қыс мерзімінен кейін баршамыз асыға күтетін Наурыз айы әр үйге жаңа үміт сыйлап, өмірімізге жаңа игілікті өзгерістер әкеледі!

Дана және көреген Елбасымыздың саясатының арқасында елімізде бейбітшілік, достық, татулық және өзара түсіністік орнауда. Бұл біздің ортақ игілігіміз болып табылады және жалпы ортақ құндылығымыз – береке мен бірлікте екені анық!

Осынау мерекеде Сіздерді барлық жоспарларыңыз бен аңсаған армандарыңыздың орындалуына тілектестік білдіреміз.

Ізгі тілекпен,

«Велосипед спортынан олимпиадалық

 даярлау орталығы» РМҚК ұжымы

Бөлісу: