1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз!

30.04.2019

Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз!

«Ырыс алды – ынтымақ» дейді халық даналығы. Бүгінде көпұлтты халықты достық құшағына сыйғызған Қазақстан Республикасы – тұрақтылық пен татулықтың мекені. Мемлекетіміздің халықаралық беделінің артуы, экономикалық-әлеуметтік дамудағы жетістіктеріміз – халқымыздың мызғымас достығының жемісі.

Біздің  мемлекетіміздің  басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Сондықтан Қазақстанның діні, тілі, дәстүрі бөлек, көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығаюда. Кең-байтақ Қазақстанды мекендеген көпұлтты халықтың татулығы, ынтымақтастығы мен бейбітшілігі біздің басты байлығымыз.

Құрметті қазақстандықтар Сіздерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт береке тілейміз. Еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын! Береке, бірлік, ынтымағымыз жарассын! Бір тудың астында, бір мақсатты көздеген халықтың достығы жасасын! Қазақ елінің даңқы арта берсін!


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: