Астанада Қазақстан полициясының мерейтойына арналған мерекелік концерт өтуде

26.06.2017

Елордалық "Сарыарқа" велотрегінде ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай мерекелік концерт өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концертке Үкімет мүшелері, министрлік басшылығы, ішкі істер органдарының, Ұлттық ұланның және құтқару қызметтерінің жеке құрамы мен ардагерлері келді.

Мерекеге қатысушылар үшін тек өз ансамбльдері ғана емес, қазақстандық эстрада жұлдыздары да өнер көрсетті. Қазақстандық әріптестеріне өздерінің құттықтауларын Ресейдің ішкі істер министрлері Владимир Колокольцев пен Беларусь Игорь Шуневич жіберді. Кешті қазақстандық әртіс Қамшат Жолдыбаева және шоумен Сағнай Абдуллинмен бірге ҚР ІІМ баспасөз қызметінің қызметкерлері жүргізді.

Дереккөз: www.infom.kz


Бөлісу: