Балаларды қорғау күніне арналған шағын футболдан мерекелік матч

01.06.2022

Бүгін балаларды қорғау күніне арналған шағын футболдан мерекелік матч Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтті.
Елімізде тұңғыш рет Балалар жылына орай Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен футзалдан Қазақстан ұлттық құрама команда мүшелері және жас спортшылар «Достық матчын» өткізді.

Қазақстанның әр аймағынан іріктелген 2010 жылғы үздік жас спортшылар Әлем Чемпионатының төртінші орын иегерлері, Еуропа Чемпионатының қола жүлде иегерлері, Пауло Рикардо Фигейро Силва шәкірттеріне қарсы ойнады. Балалар жылына орай ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, балалар арасында бұқаралық спортты дамыту.

Бөлісу: