ПРЕСС- АНОНС Халықаралық отбасы күніне мерекелік турнир!

15.05.2019

Бүкіл әлемде Халықаралық отбасы күні жыл сайын 15 мамырда атап өткізіледі.

Аталған күнді мерекелеу мақсаты - мемлекеттер қоғамының назарын отбасының көптеген мәселелеріне аудару. Мұны өткізу отбасына қатысты мәселелерде хабардарлық деңгейін арттыруға және отбасы жағдайына ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық және демографиялық үдерістер білімдерін тереңдету мүмкіндігін береді. Халықты бұқаралық спортқа тарту және Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын іске асыру мақсатында «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы»РМҚК әкімшілігі «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК және «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бірге 17 мамырда «Сарыарқа» велотрегі спорт кешенінде Халықаралық отбасы күнін атап өтеді.

Бағдарламада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметкерлерінің отбасылары арасында футболан және волейболдан турнир, сондай-ақ футбол мен таеквондодан балаларға ашық мастер-класс өткізу.

 

Өткізу орны: «Сарыарқа» велотрегі спорт кешені.

Күні және уақыты: 17 мамыр сағат 15.00 .

Толығырақ ақпарат: + 7 7172 70 71 52 телефоны бойынша.

   

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: