Наурыз мейрамын тойлау

20.04.2014

2014 жылғы 20 сәуірде «Сарыарқа» велотрегінің аумағында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен және Агенттіктің ведомстволық бағынысты құрылымдарымен бірлесіп Наурыз мейрамын тойлау өтті.

Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің, «Сарыарқа» республикалық велотрегінің, Мемлекеттік ұлттық командалар дирекциясының, Астана қаласының Олимпиадалық даярлау орталығының және Мұңайтпасов атындағы спорт мектеп-интернатының қызметкерлері қатысты.

Үстелдері мол төрт ұлттық киіз үй, алтыбақан әткеншектер, асық ату, ласа тарту және тоғызқұмалақ жарыстары ұлттық идея мен рухты мерекенің көркіне келтірді.

Мереке қонақтарына сондай-ақ әндер, әсем би нөмірлері мен ұлттық дәстүр идеяларымен сахналық көріністер қойылған мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Спортшыларымыздың жетістіктері («Сарыарқа» Республикалық велотрегі):

Арқан Тарту – 2 орын

  • Шаймарданов Наиль
  • Бүрлібаев Орынбасар
  • Мұрат Әсет
  • Михальчук Владимир
  • Камалиев Мерей
Армрестлинг
  • Шаймарданов Наиль – 3 орын
  • Камалиев Мерей – 4 орын
Асық ату
  • Рүстем Қазиев – 3 орын
  • Назарбаев Дәурен – 3 орын
  • Мақсұтова Гүлжанат – 3 орын
«Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының баспасөз қызметі

Бөлісу: