Қазақстандағы бірінші Қысқы балалар-жасөспірімдер фестивалі туралы баспасөз мәслихаты

04.07.2019

Қазақстанда алғаш рет қысқы балалар-жасөспірімдер фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін өткізілген баспасөз-конференциясында хабарланды. Аталған фестиваль аясында 6 олимпиадалық спорт түрінен – биатлон, шаңғы жарысы, фристайл, мәнерлеп сырғанау, коньки тебу және шорт-трек бойынша сайыстар өткізіледі. Аталған ауқымды  іс-шараны ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің қолдауымен Ванкувердегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, атақты қазақстандық спортшы Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қоры ұйымдастырып жатыр.

Фестиваль ағымдағы жылдың қараша, желтоқсан айларында Нұр-Сұлтан, Шучинск, Өскемен қалаларында өтеді.

Серик Сапиев, Олжас Бесбаев, Александра Аккирман, Жігер Азбергенов және Елена Хрусталева қатарлы спикерлер сөз сөйледі.

Бөлісу: