Дзюдодан жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін арттыру курсына шақырамыз

28.04.2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК (бұдан әрі Орталық) ҚР дзюдо Федерациясымен бірлесе ағымдағы жылдың 1-9 мамыр аралығында дзюдодан жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін арттыру курсын өткізеді.

Дәрістік және тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін спорт түрлері бойынша отандық жетекші мамандар қатысады.Олар:
Житкеев Асхат Расулович - 2008 жылғы Пекиндегі XXIX Олимпиаданың күміс жүлдегері, Қазақстандағы дзюдо Федерациясының даму жөніндегі директоры;

Шепетюк Михаил Николаевич - профессор, п.ғ.к., еңбек сіңген жаттықтырушы;

Масягина Варвара Геннадьевна - дзюдо бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері,жоғары дәрежелі жаттықтырушы, халықаралық деңгейдегі төреші;

Биабулин Талгат Зуфарович - спорт шебері, жоғары ұлттық санаттағы жаттықтырушы.

Курс Астана қаласы, «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді (Қабанбай даңғылы 45 А) .

Қатысушыларды тіркеу а.ж. 1 мамырда сағат 9.00 бастап 10.00 дейін жүргізіледі.

Тіркелу үшін 2 данадан жасалған басшының қолы мен мөрі расталған білім беру бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт арқылы жүзеге асырылады, жеке куәлігі мен іс-сапар қағазын көрсетуі тиіс.

Ережеге сәйкес біліктілікті арттыру курсы ақысыз өткізіледі, ал іс-сапар шығындары жіберуші мекеменің есебінен төленеді.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады.8(7172)95-42-02,8705-582-65-66.


Бөлісу: